Материалы

Инновациялық технологияларды білім беру процесіне ендіру

Сеилбаева Самал Сабитовна

Қарағанды қаласы Шет ауданы

Ш.Батталов атындағы ЖОББМ базасындағы ТМ(РО)

математика пәнінің мұғалімі

 

Қазақстан республикасының 2011-2020 жылға дейінгі Білім беруді дамыту бағдарламасында: бүгінгі білім берудегі басты мақсат-тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті.

Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге сәйкес білім беру мақсатында оқушыларды әлемдік даму деңгейіне сәйкес келетін белгілі бір білім мен қаруландыруды қажет етсе, екіншіден әрбір мемлекеттің өзіндік ұлттық ерекшеліктеріне орай ұлттық сана-сезімін саналы түрде тәрбиелеуді көздейді. Ол үшін бүгінгі таңда оқытудың дәстүрлі әдіс-тәсілдерін өзгертіп, оқыту үдерісіндегі педагогикалық озық технологияларды тиімді қолдануды және мұғалімдердің әдістемелік даярлықтарына қойылатын талаптарды күшейте  отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері мен формаларын ұтымды ұйымдастыруды жетік меңгере білуі қажет. Сондықтан да бүгінгі мектеп мұғалімдерінің бойында шығармашылық қабілеттердің көрініс табуы, мектеп оқушыларының терең білім алуының бірден бір факторы екені даусыз. Сабақта жаңашыл әдіс-тәсілдерді пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Оған практика жүзінде көз жеткіздік. Тиімді оқыту мен оқу бағдарламасы курсында кеңінен қолданылған жаңашыл әдіс-тәсілдерін пайдалану кезінде  іс – әрекетке ерекше назар аударылып,өзара сыйластық дағдылары дамиды. «Маған айтсаң - мен ұмытып қаламын, көрсетсең – менің есімде қалады, өзіме қалай жасау керек екенін көрсетші өзім жасап аламын» деген-шығыстың данагөйі Конфуциидің айтқан сөзі тура осы  әдістерге сәйкес келеді. Енді сабақта қолданылып жүрген бірнеше  әдістерге қысқаша тоқтала кетсек:

1.“Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.Бұл әдісті мұғалімдер көбіне үй тапсырмасын сұрау кезінде пайдаланады.

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін,бес жолды өлеңін  оқытқанда отырғызып оқытуға болады.Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

3.«Бинго» ойыны.

Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 - сұрақ.

Бұл мәселеге байланысты сіздің көзқарасыңыз қандай?

4. Өзіңізді тексеріңіз:Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба?

Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде

келтірілген мысалдың  шындық немесе жалған екенін анықтайды.

5. «Он сұрақ!» әдісі

Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не иә, не жоқ деп беріледі.

6.«Серпілген сауал» әдісі

Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.Мысалы,Санжар Бахыттың жауабы туралы сен не ойлайсың?Сандуғаш, Айгүлдің жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады? Қасым, бұл мәселеге байланысты сенің пікірің қандай?

7.ТВ шоу.Мақсаты: Көптеген сөйлеу мен тыңдау,көптеген оқушылар  үшін жеңіл, көру  және  тыңдау,    салыстыру  нүктелері. Ұйымдастыру: Сіз қандай  шоу  көрсеткіңіз келетініне байланысты.

Бұл қалай  жұмыс істейді: Мұғалім  жүргізуші  оқушылармен , түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей  тақырыпты  талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға  қатысады, құрдастар бағалайды және т.б.

8. «Құпия зат» Оқушылырға бір заттың суретін көрсетіпмына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыздар деп тапсырма беріледі,бұл не деп сұрамаймыз. Оқушыларда сыни ой қалыптастырып,ашық сұрақтар құрастыруда пайдаланатын әдістердің бірі.

9. «Лездеме!» әдісі

Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:

Конверттен бір сөзді бір рет алу

Сөздің өзін атамай түсіндіру

Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді.Сабақты бекіту кезінде қолданатын әдістердің бірі

10.«9 – ромб» әдісі

Қатысушыларға айтарлықтай маңыздысын анықтап, талқылау үшін тізім беріледі. Тізімнің әрбір тармағын үлкен ромбылы торға орналастыру қажет. Маңызды тармақтарды әдетте ромбының жоғарғы жағына, ал оншалықты маңызды еместерін төменгі бөлігіне орналастырады. Әр қатарда орналасқан тармақтардың маңызы бірдей. Кейбір топтар ең маңызды карточкаларын орталықта орналастыра алады. Ромбының  саны топқа бірқатар басымдықтар мен перспективаларды қамтуға мүмкіндік береді.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойланып,ақпараттарды іріктеуіне көмектеседі.

11. «Бірге ойлаймыз» әдісі. Бұл әдістің тиімділігі сыныптағы елеусіз оқушыны сабаққа тартуда.

• көршілеріңіз естімейтіндей етіп, сіздің сұрағыңызға жауапты талқылаңыз.

• мұғаліміңіз 1 – 4 дейін санды таңдайды;

• осы санға сәйкес келетін тыңдаушы жауап береді;

• талқылау және саралау үшін тамаша тәсіл.

12. «Детальдарын қосу» әдісі.

Командада жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет. Сөйлемі барынша дұрыс және нақты команда жұлдызша алады

Бастапқы сөйлемнің мысалы:

Бүгінгі сабақта біз Робинзон Крузо туралы өттік.

Кеңейтілген сөйлемнің мысалы:

Бүгін біз сабақта 5-сыныпқа қазақ әдебиеті пәнінен  Даниэл Дефоның «Робинзон Крузо» деп аталатын жалғыз романы арқылы әлемге әйгілі болып,«Мәңгілік кітаптар»қорына енгені туралы білдік және Р.Крузоның аралда жалғыз өмір сүрген кезде жазған күнделігімен таныстық.

13. Кері байланыс түрі.«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға  сабақ басында үш түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында рефлексия жасау үшін  оны алма ағашына ілу керек. Қызыл түс – түсінген жоқпын. Сары түс – әлі де практика қажет,сұрақтарым  бар. Жасыл түс – барлығы түсінікті. Мұғалімнің жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы өткен әрбір сабағының сапасы артып, мұғалім жұмысын жеңілдете түседі және мектеп мұғалімінің педагогикалық кәсіби шеберлігінің деңгейін жоғарлатуына септігін тигізеді.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net