Материалы

Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық қабілетін арттыру

Касенбекова Назым Кожахметовна

Қарағанды қаласы «№ 22 мектеп-интернаты» КММ

география пәні мұғалімі

 

     Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес.Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады.

Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, оқушылардың ақыл – ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды: зеректілік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т.б. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру мәселесіне зерттеушілер, педагогтардың, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Мектептің ғасырлар бойғы даму тарихында алдыңғы қатарлы педагогикалық ой өкілдерінің танымдық әрекетке қатысты, әсіресе, танымдық белсенділікті дамыту идеяларын зерттеу және  талдау негізінде төрт бағытты бөліп көрсетуге болады. География ғылымы өте қызықты да күрделі. Осы пәнге қызықтыру арқылы, оқушыға географияның күрделі құбылыстары мен заңдылықтарын ұғындырып, сапалы білім беру мұғалімнен үлкен шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни, жаңа педагогикалық технологияларды әр сабағында тиімді қолдануды талап етеді. Олай болса, ХХІ ғасыр-ақпараттық технология ғасыры десек, бұл география ғылымына да қатысты. Ендеше география пәнінің мұғалімі да басқалар сияқты информатикадан хабары болуы қажет. Олай болмаған жағдайда, мына ақпарат ғасырында, ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда әлемдік даму көшінен шығарашылықпен білім алуы керек. Ол үшін бүгінгі таңда қолданып жүрген мультимедиялық электронды оқулықтардың алатын орны ерекше деп айтуға болады. Электронды оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. Осы элементтердің барлығы да бір біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан.География пәнінің ұраны: «Мың рет естігенше, бір рет көр» деп есептесек, бұл оқулық арқылы Қазақстанның, Дүние жүзінің табиғат жағдайындағы құбылыстар мен заңдылықтарды, түрлі процестерді өз көздерімен көріп таныса алады. Сонымен бірге интерактив арқылы оқушының шығармашылығын дамытып, іскерлікке, өздігінен білім алуға баулимыз. Интерактив тақтасы арқылы электронды оқулықта ғалымдар саяхатшылар өмірі, географиялық атаулар мен терминдер өмірі, анықтама сөздіктер, түрлі карталардың барлығын пайдаланады. Ақпаратты оқыту технологиясына сонымен бірге, теледидар арқылы бейнекөріністер көрсетіп отыру оқыту үдерісіне жатады.

Ақпараттық технологиялар:

v Түрлі анықтамалық ақпараттар алады;

v Оқушылардың өздігінен білім алуы;

v Пәнге қызығушылығының артуы;

v Білім алудың шығармашылық сипаты;

v Терең білім алуы;

v Алған білімін, өзін тексереді;

v Табиғи құбылыс туралы бейне көрініс тамашаланады;

v Көрнекілік, сурет, сызбалар компьютермен іске асырылады;

v Білім-білік дағдылары қалыптасады;

v Дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады;

v Тесттік тапсырмалар орындайды;

v Деңгейлік тапсырмалар орындайды;

v Ойлау қабілетін дамытады;

v Сарамандық тапсырмалар орындалады.

Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстарының бірнеше түрлерін сабақ барысында әр кезеңінде ұйымдастырамын. Олар мыналар:

    Оқулықпен жұмыс істеу – әсіресе жоғарғы сынып оқушыларымен жүргізілетін негізгі жұмыс түрі. Оқушылар статистикалық материалдарды, кесте, сызба-нұсқаларды талдау арқылы оқулықтағы білімдерін кеңейтіп, негізгі білімдерін жүйелейді.(көбіне бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде пайдаланған тиімді.)

    Атласпен, картамен жұмыс істеу: география пәнінде атласпен, картамен жұмыс барлық сыныптарда жүйелі жүргізілуі тиіс. Географиялық нысандарды ажырату, олардың ерекшеліктерін, жату бағыттарын, орналасуын тек карта арқылы түсіндіруге болады. Сондай-ақ өнеркәсіп орталықтарын, олардың мамандану салаларын карта арқылы білуге болады. Сондықтан да бұл жұмысты да жүйеге келтіру  керек деп есептеймін. Атласпен картамен жұмыс жасай алмайтын оқушы география пәнін меңгермеген оқушы деп санаймын.

    Кескін картамен жұмыс: бұл жұмысты 6-шы сыныптан бастап үйрете беру керек . Себебі 7 сыныптағы материктер картасын кескін картаға салу кезінде оқушылар қатты қиналады. Ал бастапқы курсты оқу барысында оқушыларға түрлі-түсті бояу арқылы жер бедерінің азғантай бөліктерін салғыза отырып, олардың биіктіктерді ажырату, ойпаттардың, қырат-үстірттердің, таулардың бояуларын қалыптастыру дағдыларын дамытуға болады. Сондай-ақ өзен- көлдерді картаға түсіру дағдылары дамиды.

    Географиялық есептер шығару, жаттығулар орындау: геогафияның бастапқы курсында географиялық есептер шығару арқылы оқушылардың қисынды ойлау дағдыларын дамытып, пәнаралық байланысты қалыптастыруға мүмкіндік болады. Мысалы қысым мен температура арасындағы байланысқа арналған есептер, географиялық градус торы арқылы жер бетіндегі қашықтықты анықтауға арналған есептер құрастыруға болады. т.с.с.

    Географиялық сөздік, анықтамалық материалдармен жұмыс. Оқулықтардың соңында географиялық терминдер мен ұғымдардың түсіндірме сөздігімен жұмыс жүргізіп отыру керек. Сондай-ақ онда кездеспейтін ұғымдарды күнделікті жұмыс дәптерлерінің соңындағы бірнеше бетке жазып отыруды тапсырып отыру керек.  Бұл жұмыстың жүйелі жүргізілуін қадағалап отыру қажет, себебі  ол- оқушылардың есте сақтау қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

    Кестелерді толтыру. Кесте толтыру арқылы оқушылардың салыстыру,нақтылау, ойлау қабілеттері дамытады.

    График, профиль, диаграммалар сызу: 6-шы сыныптан бастап температура графигін салу, бағандық диаграмма арқылы жылдық жауын-шашынның айлар бойынша таралуын сыздырту- оқушыларды төзімділікке, ыждаһаттылыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ 9- шы сыныпта статистикалық материалдарды пайдалана отырып, шеңберлік диаграмма сызу арқылы білім, білік дағдыларын дамытуға мүмкіндік болады.

        Қорыта келгенде, ақпараттық технологиялар арқылы оқыту: білім берудің интенсивті, автоматты үдерісін, ойын түрін пайдалануға (іскерлік, бақылаушы) оқушының жеке қабілетін есепке алуға, білім алу үрдісі түбегейлі өрнектеп, оқушының өздігінен білім алуға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады, танымын кеңейтеді.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net