Материалы

Жыраудың өмірі мен шығармашылығы, зерттелу жайы.

Далел Алиман «Ростовка тірек мектебі

(ресурстық орталық)» КММ, кітапханашысы.

Қарағанды қаласы, Бұқар жырау ауданы

 

Рухани жаңғыру–адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында биылғы мерейтой иелерінің айтулы даталарымен таныстырдық. Атап айтар болсақ,  қазақ елінің біртуар азаматы, ұлтым деп ұрандаған ұлы тұлға Мұхтар Шаханов биыл 75 – жаста болса, қазақтың біртуар перзенті Сәкен Сейфуллиннің туғанына - 120 жыл, Ойшыл ақын Жүсіп Баласағұнның - 1000 жылдығы, Режиссер, актер, драматург Жұмат Шаниннің 125 - жылдығы «Алаш» партиясының құрылғанына – 100 жыл т.б. Мағжан Жұмабаевтың – 125 жылдығы, Бұқар жырау ауданына - 80 жыл,  Астананың 20 жылдық мерейтойы.

 

 «Ростовка тірек мектебінде «Бұқар жырау Қалқаманұлына 350 жыл» толуына орай  мектепішілік «Бұқарекең жырлайды» атты көркемсөз оқу сайысы өтті. Сайыс өте тартысты өтті. Аудандық сайысқа жолдама алған 9 сынып оқушысы Төлеу Халипа. 10 сынып оқушысы Хашқынбай Жанбота жүрекжарды өлеңдерімен көрерменді баурап алды. Бұқар  жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына орай  жалынды жырларын, асыл мұрасын дәріптеу, жыршы-жыраулық дәстүрді жаңғыртып насихаттау, ұрпақты ұлттық ата-дәстүр рухына тәрбиелеу, халықтың рухани, мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізу және оның елдің санасына сіңіру мақсатында 2018 жылы  4 сәуірінде 3 түрлі жанр бойынша «Бұқарекең жырлайды» атты дәстүрлі ХI аудандық байқауы өткізілді. Бұқар жырау ауданында өткен «Бұқарекең жырлайды» конкурсында 9 сынып оқушысы Төлеу Халипа Бұқар бабамыздың 80 өлеңін жаттап, «Бұқар жырау оқулары» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, мектебіміздің мерейін бір асқақтатты.

Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен байтақ даламызды жаудан қорғап қалған батыр бабаларымызға, сол батырлардың ерен ерліктерін дәріптеген жырауларымызға қандай құрмет көрсетсек те артық болмайды.

Игілікті шара орынды құрметтің нақты  көрінісі ретінде Қарағанды облысының Ботақара кентінде Бұқар жыраудың ескерткіші ашылды. Сәулет туындысының тұсаукесер рәсіміне жергілікті билік өкілдері, өнер және мәдениет қайраткерлері қатысты.   Ескерткіш авторы – ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері, мүсінші Бейбіт Мұстафин. Биіктігі - 8 м, 40 см, тұғыры - 4 м, 20 см,  салмағы - 16 тонна. Ескерткіш авторы Бейбіт Мұстафин.

Ағымдағы жылы баба мүсінін жасау қолға алынып, республикалық конкурс жарияланған болатын. Жалпы саны 21 эскиз ұсынылған еді. Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша Б.Мұстафиннің жұмысы лайық деп танылды.

Бұқар жырау өмірі мен шығармашылығы туралы қазақ әдебиетінің небір тарландары қалам тартты.  Қазақтың ХVIII-IХХ ғасырларда тіршілік еткен Бұқар сияқты көп ақындардың өмірбаяны бізге толық мәлім емес. Ол кездерден қалған жазба белгі жоқ. Ауызша айтылған там-тұм сөздер болса, оның кейбір қатарлары бұл күнге жетпей жоғалып, өшіп қалған. Ауыздағы шала - шарпы әңгімеге қарап өмірбаянын тізу тегі мүмкін емес. Қазақта жазба белгі сақталудан бұрын шыққан.Тарихи адамдардың бәрінің  жайындағы сөздер осы күйде ғана болады.

Сондай өз дәуіріндегі бір тұтас салт-сананың жыршысы болған  адамның бірі - Бұқар жырау. Бұқар  жыраудың нақ қай жылы туып, өлгенін тарих әлі білмейді, бірақ жасаған ғасыры белгілі.ХVIII ғасыр Абылай ханның тұсы.

 Сол ғасырдың соңғы жарымында Орта жүзге хан болған Абылайдың жырауы деп аталады. Абылай 1772 жылы қайтыс болған. Бұқардың бұл ханнан кейін қанша жыл өмір сүргені мәлім емес. Бірақ Абылай ауырып. Өлім үстінде жатқанда Бұқардың:

Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған , ханым-ай

Үш жүздің баласынан үш кісі айтсам,

Қалар да ма екен, жаның-ай,-деген сөзі бұның Абылайдан бертін кеп өлгендігін көрсетеді. Бірақ, Абылайдан жасы үлкен болу керек, онысы:

Абылай, сені мен көргенде,

Тұрымтайдай ұл едің.

Түркістанда жүр едің,

Үйсін Төле бидің

Түйесін жайған құл едің , - деген сияқты сөзінен байқалады.

Ал Абылай 71 жасында дүние салды деседі. Одан үлкенірек болса, Бұқар ХVII ғасырдың аяқ кезінде туған болу керек. [1.35б.]

Бұл орайда  Қ.Жұмалиев өзінің қазақ әдебиеті тарихының екінші томындағы Бұқар туралы жазған тарауында жырауды 1693 жылы туып, 1787 жылы 94 жасында қайтыс болды деп көрсеткен еді. Ал Х.Сүйіншәлиев пен М.Мағауин жыраудың Тәуке хан тұсында жасап, Абылайдан кейін өлген деген тұжырымына орай Бұқарды 1668 жылы туып, 1781 жылы 113 жасында дүние салған дейді. Бұл мерзім Абылай хан қайтыс болған жылға тұстас келеді.

Ал енді жоғарыда айтылған болжам-тұжырымнан тіпті өзгеше, яғни алғашқы кездегі 94 жаста қайтыс болды деген дәйектемеге біршама ұқсас пікірді кезінде Қ.Мұхаметханов ұсынған болатынды. («Қазақ әдебиеті» газеті №31, 32,1982 ж.) Автор Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың «Бұқардың аясында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, абылай өлімінен (1781 ж) 4 жыл бұрын 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:

Менің жасым тоқсан үш,

Мұнан да былай сөйлеуім

Маған да болар ауыр күш,-дейтіні және тағы бірде:

Күнінде мендей жырлайтын,

Тоқсан үште қария

Енді саған табылмас,-деп толғайтыны бар. Бұдан тыс Бұқардың:

Тоқсан бес деген тор екен,

Дүйім жанның қоры екен,-дейтінін де білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа да келіп, әбден қалжырап, қор болып отырған кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде 92-95 жас аралығында қайтыс болғаны шындыққа сай келетін тәрізді.

Енді бір-екі ауыз сөз Бұқардың туған жері туралы. Әдебиетші  Қ.Мұхамедханов сол Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйнен отырып,оның туған жерін Бұқар маңындағы Жиделібайсын, Елібай деп көрсетеді. Бұған себеп: Бұқардың әкесі Қалқаман батыр қалмақ шабулынан ығысып, сол төңірекке барған делінеді. Қазақтың бала атын туған жеріне қарай қоятын көне дәстүрін ескерсек, бұған да шек келтірудің жөні жоқ сияқты. [3.27б.]

Енді Бұқар бабамыздың мұрасын зерттеу, жариялау  мәселесіндегі әрқилы пайымдауларға келетін болсақ.

«Ай, Абылай, сені мен көргенде» деп басталатын толғауын 1878 жылы Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» кітабында жариялаған. Одан соң Бұқардың екі-үш толғау жыры, ол жырлардың туу тарихы, тарихшы Құрбанғали Халидұлының 1910,1911 жылдары екі рет басылып шыққан «Тауарих хамса» атты кітабында жарияланған. Бұқар туралы Октябр революциясына дейін  кітап жүзінде мәлім болған мағлұматтар осылар.

Бұқар жырау өлең жырларын жинап бастыру мәселесі Октябр революциясынан кейін қолға алынады. Ең алдымен жыраудың жырларын, сөздерін жинап бастыру жұмысын бастағандар - Мұхтар Әуезов пен Сәкен Сейфуллин. 1925 жылы Сәкен Сейфуллин «Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары» атты кітабында (1,2,3,4 -сандарында) Бұқардың жеті толғауын Мұхтар Әуезов  жинап бастырған.Сол жырлардың туу тарихынан қысқаша мәлімет берілген. Өмірбаяны жөнінде ештеңе де айтылмаған.

Сөйтіп, 1930 жылдардан бастап, Бұқар жырау орта мектептердің, жоғарғы оқу орындарының программаларынан орын алып, оның шығармалары, өмірі туралы деректер оқулықтарда, хрестоматияларда басыла бастады. 1938 жылы Сәбит Мұқанов пен Қалижан Бекхожин құрастырған, орта мектептің 8 сыныбына арналған  «Әдебиет хрестоматиясында» Бұқар жыраудың туған және өлген жылы туралы мәлімет жоқ. Алайда, Бұқар жыраудың жасаған заманы бізге мәлім. Ол  Абылай ханның тұсында болған кісі –деп жазылған. [2.182б.]

Бұқар жыраудың асыл тегі туралы қолда бар деректер мынадай: Арғыннан - Қодан, одан - Дайырқожа, (Ақжол), одан - Қара (Қарақожа), одан - Мейрамасопы, одан - Сүйіндік, одан - Қаржас, одан - Алтынторы, Құлыке, Бегім. Алтынторыдан - Мәмбетәлі, Жолымбет - Келімбет, Бегімбет, Артық. Жолымбеттен - Қойсары, Қалқаман, Рымбет, Назар. Қалқаманнан - Бұқар жырау. Бұқардың үрім - бұтақтары аз емес, бұлардың көбі сол Бұқар жырау дүниеге келген атамекенді қоныс етіп отыр. Бұқар жырау қазіргі Қарағанды облысына қарайтын бұқар жырау ауданының Далба тауы бойында дүниеге келіп, сол мекенде қайтыс болады. 1993 жылы Бұқар жыраудың 325 жыл толған мерекелі тойында оның басына үлкен күмбез орнатылып, Қарағанды қаласында осы мерекеге арнап  ғылыми - теориялық конференция өткізілді. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармаларын қалың көпшілікке насихаттау мақсатында бір топ мерекелік мақалалар мен кішігірім зерттеу кітапша жарық көрді.

Кітапханашы ретінде ұсынысым, жаңартылған білім мазмұны бойынша мектеп оқулықтарына Бұқар жырау Қалқаманұлының өлеңдері енгізілсе, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялар еді. Өйткені,  жырау шығармаларының тақырыптық аясы, шеңбері – Жақсылық пен Жамандық, Елдік пен Ерлік, Ізгілік пен Зұлымдық, Әділдік пен Әдептілік, Жастық пен Кәрілік т.б. Осындай ұлы қасиетті оқушы бойына дарыту үшін Бұқар бабаны насихаттаймыз.

«Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе,мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана» - деп жыраулардың тұңғыш библиографы Мәшһүр Жүсіп Көпеев - бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың сабыры, Аплатонның ақылы керек», -деген

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әуезов.М., Жолдыбаев М,. Қоңыратбаев Ә.Бұқар жырау 35 бет. Бұқар жырау тағылымы Қарағанды 2015 жыл

2.Бұқар жырау энциклопедия. Алты Алаштың ақылманы Мұхаммедрахым Жармұхамедұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор 27 б.

3. Қайым Мұхаметханов Әрқилы пайымдаулар.  182 бет.Бұқар жырау тағылымы Қарағанды 2015 жыл.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net