Материалы

ІЗГІЛІК ӘЛЕМІНДЕГІ ІЗГІ ЖОЛ

Дүйсек Айдана Жәкудақызы

 

«№1 Ұлытау жалпы орта білім беретін мектеп базасындағы

Тірек мектебі ( ресурстық орталық)» КММ

Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы

 

Қоғамдық дамудың қазіргі процесі жаңа білім беру жүйесінің алдында өз болашағына сенімді, өзін-өзі билейтін, өз ісіне жауапты, жан-жақты дамыған ізгілікті тұлғаны тәрбиелеу мәселелерін қойып отыр. Бұл мәселелерді шешу білім берудің ұлттық кеңістігінде де, әлемдік кеңістігінде де мәселелердің ең маңыздысы болып отыр.

 

Шет тілдер сөздігінде гуманизм- латынның “Нumanitas” – адам табиғаты және адамдық қасиеттерге құрметпен қарау деген сөзін білдіреді.

Ізгілік-бұл адамдарға деген адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас, бұл өзге адамға жақсылық жасаудың негізі.

Өзінің эксперименттік мектебінде Ш.А.Амонашвили ынтымақтастық педагогика, жеке ықпал, тіл жөне математика пәндерін оқытудың әдістерін жасап, ендірді.

Мақсатты бағыттары:

- Баланың жеке касиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу.

- Баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату.

- Танымдық күшін қалыптастыру жөне дамыту.

- Алған білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағай жасау.

Тұжырымдама ережелері:

- Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымдалады.

- Рухани жетілдіру.

- Бала психологиясын дамытуға, есейтуге және еркіндік құштарлығына қалыптастыру;

- Әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау.

Әдістеме ерекшеліктері:

- адамгершілік;

- жеке ықпал;

- қарым - қатынас шеберлігі;

- ата-ана педагогикасының қайнар көзі;

- оқу қызметі.

Балалар қызметін бағалау:

Сандық бағалаудың орнына сапалық бағалау: мінездеме беру, қорытынды жасау, талдау жасауға уйрету, өз ісін бағалау.

Сабақ - бала өмірінің негізгі түрі. Күн сабағы, қуаныш сабағы, достық сабағы, шығармашылық сабағы, еңбек сабағы, ойын сабағы, кездесу сабағы, өмір сабағы.

«Балалық - адам өмірінің ең маңызды кезеңі, келешекке деген дайындық емес, бұл-қайталанбас, жаңашылыққа толы, біртұтас ашық түсті өмір. Балалық шақтың қалай өткеніне қарамастан, баланы бала күнінде кім қолынан жетектеді, оның жүрегімен ақылына осы қоғамнан не кірді, осыдан келе ақтық сында баланың  қандай, бүгінгі күннің бүлдіршіннің қандай болатыны тәуелді.

Ш.А. Амонашвили «Рухани ізденістің биіктігі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасында ерекше, сенім орын алады, ал білім - адамға жүрекпен ақыл арқылы беріледі, өйткені ол адам жанына сүйіспеншілік арқылы жол табады.…»-дегендей, бала тәрбиесіндегі ең бастысы- рухани біртұтастықта.

Ізгілікті –адамгершілік үрдісіндегі  мұғалімнің негізгі ұстанымдары:

Мұғалімнің заңдары:

  • Баланы сүю;
  • Баланы түсіну;

Мұғалімнің басқарушылық қағидалары:

  • Бала тұлғасын құрметтеу қағидасы;
  • Баланың қалыптасуында - ұстамды, сабырлы болуы.

Мұғалімнің өсиеттері:

  • Бала қабілетінің шексіздігіне деген сенім;
  • Өзінің педагогикалық қабілеттеріне деген сенім;
  • Балаға деген ізгілік қадамның күшіне сенім.

«Ондаған, жүздеген жолдардың, оқушы мен оқытушы арасындағы руханилықтың байланыстырушысы бұл-жүрекке деген адами жолдың, ең маңыздылары ол мұғалім мен оқушы арасындағы серіктестік. Біз мұғалім мен оқушыны рухани тұтастықтың қалыптастырылуына  тырысамыз»- дейді Ш.А. Амонашвили өз еңбектерінде.

«Күлкім менің қайдасың?» атты авторлық шығармасында Ш.А. Амонашвили: Ойшылдар айтады дейді:

— Күлкі қажет, көз жасы рухтың күшін әлсіретеді.

— Өмірде алынып жатқан сабақтарды күлімдей қабыл алыңдар.

— Күлімдеп қауіпті қарсы аламыз.

— Күлкімен жолдарды ашыңыздар.

— Күлкіні жұлдыздарға жіберу керек.

— Келер сәтке күлімсіреңіздер!

— Бағбаншы,  жапырақтан күлімдеп шаңды ал.

Бұл тұста «бағбаншы» деп автор ұстаздар қауымына айтады. Ал оқушыны өсіп тұрған гүлге теңейді. Оқушыны оқыту мен тәрбиелеуде әрқашан оған күлімдеу қажеттігін өсиет етеді.

Бірде Мен - Ұстаз,

Сондықтан менің күлкім балалар секілді сан түрлі, олардың көңіл-күйлерінің құбылысы сияқты әр алуан  болуы тиіс. Мен әрбір балаға тек оған ғана және дәл сол мезетте қажетті күлкіні сыйлауым керек.

Жүрегім менің, өтінем, балалар  өміріндегі шындық сәттерін жіберіп алмауға көмектесші!

Санам менің, Шексіздікке дейін ұлғайшы, тереңдеші, сондай-ақ, менің болуымды қажетсінген бала жанының түкпірлерін көруге көмектесші!

Тек сонда ғана мен әрбір балаға оған ғана арналған күлкіні сыйлай аламын.

О, Жүрегім мен Санам менің, балалар жайлы жақсы ойларға берік болыңдар! Балалар оны керек етеді, ал мен – Ұстаз, балалар үшін жаратылдым.

Мен ең мейірімді ұстаздың күлкісін иелену бақытына орануды армандаймын. – деп монологын аяқтайды [1].

Өз шығармасында басты идея:  рухани тұтастықсыз тәрбие орындалмайды- дейді гуманист ұстаз.

Мектеп мұғалімі рухани-адамгершілік білімнің аспектісінде қалыптасуы керек.

Себебі, мектепке -құзырлы педагогтардың келуі, жоғарға мәдениетті сөйлей алатын педагогтардың, балалардың психологиясын терең білетін педагогтың, мектеп ұжымымен тез келісе алатын, сонымен қатар оқушылар мен олардың ата –аналарымен тіл табыса алатын және де жаңа иновациялық технологияларды игерген педагог болуы керек [2].

«Мен ұстаз» өлеңінде Ш.А. Амонашвили:

Мен – Махаббат және Адалдық,

Сенім және Шыдамдылық. Мен – Қуаныш және Ортақтастық, Мұң мен Ортақтастық.

Мен – Шындық пен Жүрек,

Ар мен Намыс. Мен – Іздеуші және Сыйлаушы, Кедей және Бай.

Мен – Мұғалім және Оқушы,

Тәрбиеші мен Тәрбиеленуші. Мен – Жол көрсетуші мен Өмір суреткері.

Мен — Балалықтың қорғаны мен Адамзат бесігі.

Мен – Келешектің жарқыны мен Осы шақтың алауы, - дейді құрметті ұстаз.

Ш.А. Амонашвилидің өскелең ұрпақты тәрбиелеп отырған жас ұстаздар қауымына маңызы зор. Мектептегі ұстаз – оқушының шамшырағын жағар тұлға болып табылады. Сондықтан да оқушыларға сапалы білім ғана емес, рухани, ізгі тәрбие беруіміз қажет.

Ш.А. Амонашвили оқушылардың жан дүниесін, олардың ішкі ойлары мен істерін зерттей келе, мұғалім мен оқушы арасындағы  «қатып қалған» авторитарлық стильді өзгерту керек екендігіне баса назар аударып, өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білген. Мысалы: «В этих учебниках — и в прежних, и в современных — я вычитываю «научные» сведения о неких высушенных традиционным авторитаризмом понятиях, приемах, принципах, методах, законах и тому подобных вещах, которые тянут меня в болото формализма и равнодушия, внешнего благополучия и показухи..» - деген сөздерінен-ақ мен расында да мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың шектеулі - авторитарлық түсінік, әдістер, принциптердің қазіргі заман талабына, ондағы өскелең ұрпақтың дамуына сай еместігін аңғардым. Заман даму үстінде, «Заманына қарай адамы» демекші әлемдегі болып жатқан өзгерістерге төтеп бере алатындай ұрпақ тәрбиелеу әрине ұстаздардың құзіретінде екенін Амонашвили дөп басып айтты. Балаларды тәрбиелеу, рухани адамгершілік қасиетке ие азамат қалыптастырудың жолдарын көрсете білді: «Улыбка» сөзін ешбір педагогикалық оқулықтардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан көре алмаған автор оқырмандарына «Сіз кездестіре алдыңыз ба?» -  деп сауал түрінде қоюының өзі мені ойландырды. Шындығында да біз ұрпақты тәрбиелеуде, және өзіміз білім алған кезде де осы сөзді педагогикада кездестірмегенбіз бе? «Учебники по педагогике были безжизненными и

сто лет тому назад. И как ни раздвинула наука свои границы, они и сегодня такие же: хмурые, сухие, строгие, грубые, требовательные и приказные, самодовольные и авторитарные» - ия шынымен де солай екен ғой... «Жақсы сөз – жарым ырыс» - деп ата – бабамыз тегін айтпаған, сондықтан қамшының сабындай қысқа өмірде тек қуанышпен, шаттықпен өмір сүрген абзал. Автордың да айтпағы осы -  ұрпақты мейірімге бөлеп тәрбиелеу.

Амонашвилидің бұл еңбегінде  жансызға жан бітіру «кейіптеуді» нәзік жолмен оқырманға жеткізе білді. Мысалы: ғарыш – мәңгілігімен; аспан – жұлдызарымен және жаңбырдан кейін әртүрлі түспен күлімдеп шығатын кемпірқосағымен; күн – жарығымен, сәулесімен; жер – ұлы өмірімен; өмір – асқақтығымен – дей келе, кім күле біледі сол – өмір сүреді деген тұжырымға келеді. Мұғалім жүрекпен күле білсе ғана мұғалім. Бала өзіне емес өзгелерге күлімсірейді, гүл де басқаларға шаттық сыйлау үшін өседі, күн де шапағын өзі үшін емес өзгелер үшін шашады, жаңбырдың жауғаны да жер үшін т. с. с. Автор еңбегінде нені меңзегісі келді? Әрине, айналамызға шаттық сыйлау, жақындарымымызға, достарымызға, әріптеске, ұстаз оқушыға, оқушылар ұстазға, өздеріне, тіпті табиғаттың өзі де бір - біріне күлімдеп қарап, жылуын, шуағын шашашатындығын дәлелді оймен, тұжырыммен, мысалдармен шебер жеткізе білген. Біз көбінесе осы уақытқа дейін «Ана» сөзінен (әйел, қыз бала, бір сөзбен айтқанда нәзік жандардан) ғана мейірімді іздедік, бүкіл әлемдегі жақсылықты бойына жинадық. Әрине «Ана» ұғымына тең келер еш нәрсе жоқ екені шындық, бірақ мейірімді барлық бізді қоршаған дүниеден, адамзат баласынан, тіпті жас сәбиден алу керектігін міне Амонашвили өз еңбегінде толық дәлелдеп берді деп ойлаймын.

 

Әдебиеттер тізімі:

1.Амонашвили Ш.А. Улыбка моя, где ты? Мысли в учительской. - М., 2003.

2.Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! – М., 1983.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net