Материалы

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру

Абилкадирова Асем  Сеиловна, бастауыш сынып мұғалімі

Қарағанды облысы Нұра ауданы Қантай ауылы

Д.Шалабекұлы атындағы бастауыш мектебі

 

        Еліміздің  болашағы  біздің  оқушы  жастарымыздың  қолында. Келешектің  гүлденуі, дамыған  отыз  елдің  қатарына  қосылуы  сауатты  оқушыларға байланысты. Мектеп  қабырғасынан  біз  осындай  ортада  өзін  көрсете, ұстай  алатын  азаматтарды  тәрбиелеуіміз  қажет. Мектеп  қабырғасында  біз  оқушыларға  қандай  білім  бере  аламыз? Біз  олардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыра   және  дамыта  аламыз  ба?-  деген  сұрақтар  туындайды. Осы  тарапта  мемлекет  тарапынан  мұғалімдерге  көп  көмек  көрсетіліп  жатыр.

      Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.   Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.

 

       Ал  оқушылардың функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.Егер осы шарттар бастауыш сыныпта орындалғанда оқушының функционалдық сауаттылығы қалыптасады.

Бастауыш сынып оқушыларының фукционалдық сауаттылық мазмұны келесі мағынада сипатталады :

         -  оқу, жазу сауаттылығынан;

         -  жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан;

–                   математикалық сауаттылығынан;

–                   компьютерлік сауаттылықтан;

–                   денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан;

–                   құқықтық сауаттылығынан. 

     Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып  оқушыларының оқу сауаттылығын дамытуда қазақ тілі мен әдебиеттік оқу пәндерінің орны ерекше. Оқу, жазу сауаттылығы оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – бастауыш сынып пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – оқу сауаттылығының  басты міндеті болып танылады.

    Жалпы тіл дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру- оқушылардың ойлау қабілеті мен функционалдық сауаттылығын арттырудың негізгі жолы. Оқу, жазу сауаттылығының негізгі мақсаты- оқушылардың сауатты сөйлей алуы, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет- ғұрпын, тарихын танып білуге ынталандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Сонымен қатар оларды Отанын, табиғатты, еңбекті сүюге дайындау. Өздерін еңбекке тәрбиелеу. Осы жолда мұғалімдердің шығармашылық белсенділігі, іскерлігі керек. Мұғалім сабақтың әр минутын тиімді және дұрыс пайдаланғанда ғана көзделінген нәтижеге жетеді. Бұл идеяның түп қазығы- мұғалім мен оқушының уақытын, білімін, күшін, мүмкіндіктерін ұтымды, тиімді жұмсап, жоғары нәтижеге жету.

         Қорыта келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Сөзімнің соңында  көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне  қайтпас қанат сыйлайды,  ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.

 

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж