Материалы

Әлихан Бөкейханның өмір жолы және саяси қоғамдық қызметі

Омирбаева Майгуль Рымбековна

«Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицей»КММ

бастауыш сынып мұғалімі

 

Қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханның 155 жылдығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылғы наурыз айының 25-і күні бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Ата тегі – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы – атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед туады.

Әлихан жасынан зерек, алғыр болып өскен. Әкесі оны Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың оқуына берді. Бірақ кішкентай Әлихан молданың оқуына қанағаттанбай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке өз қалауымен ауысады. Оны бітіргеннен кейін Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте жеті жыл оқыған. 1886 жылы Омбыдағы төрт жылдық техникалық училищеде, одан кейін Санкт-Петербург қаласындағы Орман шаруашылығы институтының экономика факультетінде білім алды.

 

Әлихан Бөкейхан Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне төтенше емтихан тапсырып, заңгер дипломын да алып шыққан. Ал оқудан кейін Омбы қаласына қайта оралып, орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен оқытушы болып жұмыс істейді. Сол кезде “Степной край” газетінің редакция алқасына кіреді. Әлихан Бөкейхан қазақтың сиыр, қой және жылқы шаруашылығы туралы іргелі зерттеулерді ғана емес, тарих, этнография, әдебиет пен фольклорге арналған жүздеген мақала жазды. “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Ер Тарғын”, “Ер Сайын” сынды халық ауыз әдебиетінің бірнеше үлгісін жинақтап, баспадан шығарды.

Ғалымдардың зерттеуінше, 35-36 жасында үйленген. Ол 1885 жылы Омбы қаласындағы Орман шаруашылығы училищесіне жұмысқа тұрады. Сол жерде математика пәнінен сабақ беріп, шәкірт тәрбиелейді. Артынша “Степной край” газетіне жұмысқа тұрады. Жұмыс барысында саясаткер Яков Севостьяновпен танысып, етене жақын араласады. Екеуінің саясат пен қоғамдық қозғалыстарға деген көзқарасы бір болып шығады. Жақын қарым-қатынас орната келе саясаткердің қызы Еленамен де танысады. Яков мырза бір күні қызын шақыртып, Әлихан екеуіне ақ батасын береді. Алайда Әлиханның анасы бұл аралас некеге қарсы болады.

Әлихан мен Еленаның 1903 жылы Елизавета, 1904 жылы ұлы Сергей дүниеге келеді. Алаш ардақтысы қызын Зейнеп, ұлын Өкітай деп атайды.Өзінің әйелі Елена Севостьянованың христиан дінінің өкілі екенін білеміз. Елена 1921 жылы кенеттен сырқаттанып, дүние салғанда Әлекең марқұмның өтініші бойынша христиан дінінің барлық рәсімін сақтай отырып жерлеген. Көзі тірісінде жарын исламға өт деп күштемеген. Міне, бұл жағдай Әлекеңнің дін атаулыға үлкен төзімділікпен қарағандығын аңғартса керек.

Көп жұрт Әлихан мен Шәкәрім қажының бөле болғандығын, туыс екенін біле бермейді. Екеуі де қазақтың мұңын мұңдаған ұлы тұлғаға айналды. Екеуінің сыртында қазақтың ұлы Абайы тұр. Сонда бұл үш тұлғаның тығыз қарым-қатынаста болғаны анық. Әлиханның шешесі Бегім ханым мен Шәкәрімнің анасы апалы-сіңлілі болған екен. Ол Абай ауылымен жақсы араласқан. Абайдың ұлы Тұрағұлмен, Шәкәріммен, Кәкітаймен жақын дос болған. 1906 жылы Бірінші Мемлекеттік Думаға сайланар алдында Павлодар, артынан Омбы түрмесінде отырады. Сол Павлодар түрмесінде отырған кезде оған Кәкітай, Шәкәрім, Тұрағұлдар келіп тұрыпты. «Выборг үндеуіне» қол қойғаны үшін Санкт-Петербордың арнайы сотының үкімі бойынша Әлиханды жазалап, Семей түрмесіне жабады. Ең қызығы, Әлекең 1907 жылы Омбыдан Семейге өз ынтасымен келіп, түрмеге өзі отырған. Бірақ сот үкімі бойынша абақтыда үш ай отыруы керек еді. Алайда отаршыл биліктің біздің елдегі сілімтіктері оны үш ай емес, сегіз ай ұстайды. Ол аздай, түрмеден босатысымен Самар гүбернесіне бір-ақ айдайды. Ал Семей түрмесінде отырған күндерінде Шәкәрім, Кәкітайлар келіп, «Әлеке, сіз қашыңыз. Біз бәрін дайындап қойдық» дегенде, ол көнбей қояды. «Мен түрмеден қашсам, қырға қарулы әскер шығып, қа­лың елді босқа әуреге салады. Халқымды сорлатқанша, осында жалғыз өзімнің отыра бергенім дұрыс» деген уәжін айтады. Болмаған соң, үш досы мен інісі Смахан төре Әлекеңді ауырып жатыр деп, Семейдің түбіне бір үйір құлынды бие байлап, оны күн сайын қымыз, етпен қамтамасыз етіп отырған. Бұл туралы да Әлиханның інісі Смахан төре қолжазба естеліктерінде «Семейдің түрмесінде отырғанда сегіз айын сегіз күндей өткізіп бердік» деп жазды.

Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай уақытта да орынды бағалай білді.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарадан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады. 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Ол ғылыми атаққа да, ғылыми дәрежеге де ұмтылмады, өйткені негізгі күш-жігерін саяси күреске жұмсады. Кейде ғылыми жұмыстарын еріксіз саяси күрес барысында жазуға тура келді

1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

Әлихан Бөкейхан қарапайым өмір сүрді. Ол атылып кеткенде қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбасы, сондай-ақ, насыбай шақшасы ғана қалған.

Әлихан "туған жерден үш аршын жер бұйырса жетеді" деген сөзді ағайын-туыстарына әрдайым қайталап отыратын. Алайда, оған да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Жезқазғандағы түсті металдар кенін игерудің бастауында тұрған оның ұлы Оқтайдың да қайда жерленгені белгісіз. Оқтай шамамен 1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтті.

Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бөкейхан Әлихан. Таңдамалы / Ә.Бөкейхан.- Алматы: Қазақ

2. Қозыбаев М.Қ. Тарих зердесі. Арыстар тұғыры.

 

  

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж