Материалы

САБАҚТАРДЫ БЕЙНЕГЕ ЖАЗУДЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ҚАТЕЛІКТЕР

Мамалинов Адилбек Ахметрашитович

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БА институтының курстан кейінгі қолдау және инновацияларды енгізу лабораториясының ІТ-маманы

Біліктілікті арттыру мақсатында мұғалімдер әр-түрлі құрал-жабдықтармен пайдаланады. Соның бірі «Өрлеу» білім беру Youtube каналы. Қазіргі таңда бұл канал 40 мың жазылушыларды есептейді. Бұл каналда сабақтардың бейнежазбалары жүктелген. Бұл каналда Қазақстанның әр аймақтағы мұғалімдердің сабақ бейнежазбалары бар.  Онда мұғалімдер өздерінің оқыту идеяларымен, тәсілдермен бөліседі. Әр мұғалім өзіне тән ойнату тізімдердің ішінен керек сабақты таңдап көре алады да өзіне қызықты тәсілдермен танысады. Өткен жылдан бастап жыл сайын өткізілетін «Педагогикалық идеялар панорамасы» конкурс бастауын алды. Конкурсқа кез келген мұғалім қатыса алады. Конкурстың шарты бойынша мұғалім өзінің сабағын видеоға түсіру керек. Бейненің ұзындығы 20 минуттан аспау керек, сапасы HD ажыратымдылығынан кем болмау керек. Және ең бастысы мұғалім бір өзінің идеясымен көрерменді таныстыруға тиісті.

 

Қатысушылар бейнелерін «Өрлеу» облыстық филиалдарға жібереді. Содан соң филиалдың қызметкерлері бейнелердің сапасын тексеруды бастайды. Көбінесе бейнелердің сапасы төмен болады. Бұндай материалдар қабылданбайды. Бейнелердің сапасы төмен болуы өйткені мектептерде жақсы бейне түсіретін, монтаж жасайтын мамандар жоқ. Камераға түсіргенде ең басты қателерді қарастырып өтейік:

1)  Сабақты түсіріп жатқан адам камераны немесе смартфонды қолында ұстап тұрып бейнены жазып жатады. Сондықтан бейненің кадры секіріп тұрады. Бұл қателікті бастауыш операторлар жасайды. Кадр түзу болу үшін сізде штатив болу керек. Штативке камераны орнатады да оператор штативті түзеп алады.

2)  Оператор сабақтағы адамдарды түсіргенде бойы аласа немесе партада отырған оқушыларды камераны төмен түсірмей жоғарыдан түсіріп жатқаны қате болады. Өйткені бейнеде сосын кадрда адамның желкесі ғана көрініп тұрады.

3)  Келесі қате: сабақты түсіріп жатқанда камераның бағытын босқа ауыстыру. Бұл жағдайда кадр бұзылады өйткені объективтің көрініс бұрышы адамның көзінен аз сондықтан «бас айналу» эффекті болады.

4)  Көбінесе операторлар бүкіл сабақты басынан соңына дейін түсіргісі келеді сондықтан ол бір жазу бастағаннан кейін паузаға камераны қоймайды. Бұл қате монтаж жасағанда қиындықтарды туындайды.

5)  Тағы бір қателік бұл зуммен жиі пайдалану. Зуммен пайдаланғанда оператор алыс объекттерды көрсету үшін объективты техникалық жақындатады. Дұрыс тәсілі оператор өзі жақындап барып объектіні камераға түсіру керек.

Сабақты түсіргенде алдын ала мұғалім сценарий дайындауға тиісті, сол сценарий бойынша оператор жұмыс істеп отырады. Бір 10 минуттік роликті монтаж жасау үшін 2-3 күн кетеді. Youtube каналына жүктелген сабақ бейнелері орта есеппен 2-3 мың рет қаралады. Жалпы бүкіл жүктелген бейнелер 2,5 млн рет қаралды. Егер видеолардың сапасы жоғары болса онда каналдың жазылушылары да көбейеді. Каналдың мақсаты жазылушылардың санын 100 мыңға дейін өсуі.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net