Материалы

Эссе: «Мен тәрбиешімін, ал бұл білдіреді....»

Шет ауданы  Ақсу –Аюлы ауылы

КМҚК «Балдырған » бөбекжайы

Скакова Галия Толеутаевна, тәрбиеші

 

      «Жалпақ жұртыңды құрметтеу- туған өлкеңнің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, туған жеріміздің бүгіні мен болашағына көз жіберу, өткенін сана зердесінде саралау-уақыт талабы.

 

      Менің мамандығым-тәрбиеші. Осынау қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандықты таңдағаныма өкінбеймін. Өзімнің мамандығымды мақтан тұтамын. Тәрбиеленуші сәбилердің періште қылықтары мен күміс күлкілері көңіл пернесін шертіп, қуаныш сыйлайды. Өйткені, өзім де анамын. Үш бала тәрбиелеп өсірген, немере сүйген ана ретінде де тәрбиешілік. Мамандығының қиын болса да қадірлі мамандық екенін айтқым келеді.

        Өзім еңбек еткен жиырма жылға жуық уақыт ішінде біздің «Балдырған» балабақшасында тәрбиеленген кешегі бүлдіршіндердің бүгінгі азамат болған келбетін көріп қуанамын. Олар  да шұрқырай амандасып, жаңалықтарын тартынбай айтып жатады.

«Апай» деген  сөздерінде қаншама жылулық жатқанын жүрегіммен сезінген сайын көңілім көкке жеткендей болады. Балабақша табалдырығын алғаш аттаған сәттерін сағынышпен еске алады. Осының өзі біздер, тәрбиешілер үшін еңбегімізге берілген бағадай көрінеді.

        Міне, патша көңіл балалардың қуанышқа толы күлкілерін , бақытты жүздерін көргенше тағы да асығып келемін. Олардың шатыққа толы үндерінен бойыма қуат, көңіліме шуақ тарайтыңдай. Тазалықтың, пәктіктің періштесі-сәбилер аман болсын! Кіршіксіз балалыққа ештеңе де жетпейді-ау деген ой көңілімнен кетпей, жүрісімді жылдамдата түсемін. Өйткені, мен тәрбиешімін ғой…

  Мен-тәрбиешімін. Өмірімнің жиырма жылы  балабақшада бүлдіршін дерді тәрбиелеумен өтіп келеді.Халқымызды  «Бала адамның бауыр еті» деген қанатты сөз бар. Көзінің ағы менен қарасындай сәбиін балабақшаға ата-анасы дұрыс тәрбие алсын деп береді. Сондықтан да тәрбиешіге жүктелер жауапкершілік аса жоғары болмақ. Оны бар болмысыңмен, бар жаныңмен сезінген сайын жауапкершілік жүгі ауырлай түсетіні анық.

Бір үйдің еркесі, шолжаң өскен тентегіне тәрбие беру, үлкенге құрметпен қарауға баулу, әр нәрсенің өзіндік орыны болатынын санасына сіңіріп, ардақтау сияқты түсініктерді бала бойында қалыптастыру, тіл ұстарту, тағы да басқа толып жатқан тәрбиелік жұмыстар балабақша қабырғасында берілетіні анық. Бала бойында туған өлкенің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, табиғатқа жанашырлықпен қарауды үйрету әсіресе бүгінгідей батыстың жанымызға жат дүниелерін телеарналар жарыса насихаттап жатқан тұста қажет-ақ. Осы орайда сәби санасына лайықтап ұлттық үрдістерімізді, салт-дәстүрлерімізді күнделікті бала тәрбиесіне тереңдете енгізгеннен ұтпасақ ұтылмасымыз анық.

«Тәрбие-тал бесіктен» дейді дана халқымыз. Ананың ақ сүтімен бойға сіңген қасиетті әрі қарай тәлімді тәрбиемен ұштастырған жағдайда  ғана жас жеткіншекке ұлағат тұтар ұстаным бере аламыз. Ал, біздің өңірде ұлтымыз ұлағат тұтатын, Алты алаштың ардақтысына айналған  текті тұлғалар көптен саналады. Иісі қазақтың рухани мақтанышына айналған өнер қайраткерлеріміз, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілдерін балабақша қабырғасынан  танып өскен бүлдіршіннің болашақта Тәуелсіз еліміздің ұлт жанды азаматы болып өсері даусыз.

 

 

 

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net