Материалы

ҮМІТ ОТЫ

Кулова Сандугаш Дюсенова,

 «Алматы қаласы №49 ОМ» КММ

дефектолог-мұғалімі

 

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан...»

Абай Құнанбаев

 

Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашып, ержеткеннен кейін, тұлға болып қалыптасу үшін өмірден өз орнын табуға тиіс. Абай атамыз «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» - деді емес пе? Егер сен өз меңгерген салаңды сүйсең, сенен тамаша маман шығады. Бақыт Бақыт ол – әр адамның өз жақындарының әрқашан жанынан табылуы, сүйікті мамандығының болуы. Дефектология мамандығы, яғни дефектология ғылымы – мүмкіндігі шектеулі жандарды оқыту мен тәрбиелеумен айналысады. Он екі мүшенің сау болғаны, ол да бір бақыт.

 

 Қазіргі заманда әлемдік жаһанданудағы қоғамда, ондағы қарым-қатынастар да, біршама өзгеріске ұшыраған. Соған байланысты ХХ-шы ғасырдың бірінші жартысында ғана ғылым болып қалыптасқан «Дефектология» мамандығы әлеуметтік ортада өз орнымен маңыздылығы бойынша айқындалып үлгерді. Осыдан бірнеше жыл бұрын арнайы мектептер жүйесі орын алған. Әр баланың даму деңгейін, дене кемістігін есепке ала отырып, сегіз типті мектептер жүйесіне бөлген. Қазіргі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар өзінің қоғамдық ортаға қажеттілігін сезіну үшін, өмірге құштарлығын ояту, басқа балалармен тең дәрежеде екенін көрсете білу мақсатында инклюзивті білім беру бағдарламасы ұсынылып отыр.

Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психологиялық-медицина-педагогикалық кеңестің қортындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік білім жалпы беретін мектептерде тегін оқуға құқылы деп шешілген. Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылғы ҚР инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген, сонымен қатар 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады.

Инклюзивті білім беру оқыту процессінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педогогикалық қолдауды қамтамасыз етеді, жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндігін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшілігін де ескерген жөн. Ал, бұл процесті жүзеге асыру үшін, біздің мектепте балаға психологиялық-педогогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылған.

 Мен Алматы қаласы №49 орта мектепте «дефектолог» маманы болып қызмет атқарамын. Әлемде жаппай орын алған пандемияға байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшірілді. Мен қызмет ететін мектепте 2020-2021 оқу жылында ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалар саны - 21. Мектепте «Логопед» кабинеті заман талабына сай керекті құралдармен, техникамен жабдықталған. Тамыз айында, мектепте балаға психологиялық-педогогикалық қолдау қызметі мамандары (дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік-педагог, тьютор), санитарлық тәртіпті сақтай отырып, осы оқушылардың әлеуметтік тұрмыс-жағдайын тексеріп, мектеп тарапынан көптеген көмектер көрсетілді. Әр бала интернеті қосылған ноутбукпен қамтылды.

Жылдың басында бағдарламаға сәйкес оқу-түзету жұмыстарының күнтізбелік жоспары жасалды. Әр баланың жас ерекшеліктерін және психологиялық-педогогикалық қолдау қызметі мамандары шешімін ескере отырып, топтық, жеке сабақтар кестесі құрылды. Ата-аналармен үнемі тығыз байланыс жұмыстары жүргізіледі. І жартыжылдықта заман талабына сай Google Glassroom, WhatsApp, ZOOM, SFERA платформаларымен сабақтар өтілді.

Оқушылар ақпаратты қабылдау, көбінесе тақырыпты тану және атаумен ғана шектеледі. Сондықтан мен заттарды көруге, естіп-тыңдауға, заттардың негізгі, маңызды белгілерін анықтауға көптеген түрлі мәліметтерді көрсетуге тырыстым. "Геометриялық фигуралар", "Көзбен өлшейміз", "Жинақта не бар?", "Бұл қандай көрініс?" ойындары арқылы қабылдауын дамыттым. Балаларда ойлау қабілетіне қарағанда көрнекі-бейнелі жады жақсы дамыған. Сол себепті есте сақтаудың басқа түрлерін дамыту міндеттері қойылды, онда «10 сөз» әдісі қолданылды, «Не өзгерді?» деген сияқты жаттығу-суреттердің үлгілері жасалды.

Оқу-түзету сабақтарында балалардың сөйлеуі дамыды: сөздік қоры кеңейтілді;

талдау және синтездеу әдісі арқылы үйлесімді сөйлеуі дамыды.

Сабақтарда балалардың қызығушылығын арттыру үшін: «Доман карталары»; «Сеген тақтасы»; «Көбейту кестесі»; «Шульте кестесі» сияқты көрнекі материалдар кеңінен қолданылады. Түзету-дамыту процесінің тиімділігін арттыру мақсатында Sand-art техникасын қолданамын. Sand-art техникасы сурет салудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтиды:

- алақанмен сурет салу;

- бір уақытта бірнеше саусақты қолдану;

-кішкентай саусақтармен сурет салу;

- екі қолмен симметриялы түрде сурет салу;

- бас бармақтың қырымен сурет салу;

- саусақпен сурет салу;

- сәндік тастар және моншақтармен безендіру.

 

ІІ жартыжылдықта оқушылар мектеп әкімшілігі шешімі және ата-ана сұрауы бойынша 20 оқушының 6-ы офлайн-режімге көшті: Амит Н., Асланов М., Тохтиев С., Сероштанов А., Садыров С., Нахаев А. 

Жүргізілген түзету-дамыту сабақтарының нәтижесінде дамудың оң жақтары байқалды: білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығы едәуір артты.

 

Біздің оқушыларымыз «Біз біргеміз! Біз үйдеміз!» атты іс-шараға қатысты.

 

Дефектология мамандығы адамдардың  жанын емдейтін, өмір туралы сауаттылығын арттыратын, қоғамға бейімдейтін, жүректеріне «Үміт отын» ұялататын мамандық.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж