Материалы

Балаларға ерте жастан ауызша сөйлеуді үйретудің тиімді тәсілдері

Мустаханова Еркеш Сериковна,

Қарағанды қаласы «Тілек» бөбекжайы» КМҚК  

тәрбиешісі

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеріп, тілдік қатынасқа түсірудің маңызды түрі – ауызша сөйлеу тіліне үйрету. Баланың үлкендермен тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың алғашқы кезеңінде - ақ үлкендерге мейіріммен жауап беріп, алғашқы дыбыстар шығара бастайды. Тәрбиешінің немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің қалыптасуына тікелей әсер етеді.

         Сондықтан, балаларға ерте жастан тілді меңгерту жолдары қатысым әдісі арқылы қолға алынды. Қатысым әдісінің басқа әдістерден өзіндік ерекшелігі бар. Қатысым әдісінің мақсаты – тілді үйрету болса, міндеті – тілді меңгерту, еркін сөйлеуге үйрету. Осыған орай, оқытудың жаңа технологиялары арқылы үйретудің түрлі жолдарын қарастыру. Демек, әр педагог тілді үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескере отырып, әдіс - тәсілдерді таңдай отырып, жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізгенде ғана нәтижелі жетістіктерге қол жеткізеді.

 

 Қатысым әдісімен тілді меңгерту барысында балалар бір - біріне өз ойларын еркін айтуға, қысылмай жеткізуге төселеді. Сөйлемдерді бір сөзді қайталай бермей, жүйелі түрде өзара байланысқан сөз тіркестері арқылы құрайды. Қатысым әдісінде ақпарат алмасуды іске асыру арқылы қарым - қатынасқа түсушілердің әрқайсысы үшін ақпараттың маңыздылығы үлкен рөл атқарады. Ақпарат жай қабылданып қана қоймай, түсініліп, терең сезілгенде ғана тіл табысу жүзеге асады. Сол себепті, кез - келген қатысым әдісі іс - әрекет, қарым қатынас, танымнан тұрады.

Балаларға ерте жастан тілді меңгерту барысында қолданылатын ойындар түрлеріне қарай топтық және рөлдік ойындар, жағдаяттық ойындар деп бөлінеді.

Қатысымдық ойындар - жағымды көңіл - күй тудырып, жайлы тілдік карым - қатынастың қалыптасуына ықпал жасайды.

Топтық ойындар - қатысымдық оқытудың қарапайым деңгейінде жиі қолданылады. Топтық ойындар фонетикалық және лексика - грамматикалық дағдыларды қалыптастыру үшін қолданылады.

Жағдаят – көптеген ынталандыру, уақиғалар, объектілер, адамдар мен эмоциялық кейіп үлгісінің (моделінің) кешендік тұтастығы. Жағдаят тек қана жағдайларды, уақиғалардың, арақатынастардың қосындысы емес, ол жүйе.

Тілдің басты міндеттерінің бірі әлеуметтік қарым - қатынас жасау болса, оны жүзеге асыруға ықпал ететін – тіл үйретудегі жағдаяттылық. Жағдаяттылық қарым - қатынасқа түсудің шынайы жолын тудырып, сол арқылы тіл үйренушінің сөйлеуге деген қызығушылығын арттырады.

Рөлдік ойындар – белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген қызығушылық арқылы орындаушылық қабілетке жетелейді. Рөлдік ойынның мәні, ойын барысында тіл үйренушінің тілдік қатынас жасауға деген талабын ашуда, қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойды да туғызады. Осындай ойындық жағдайда ғана қарым – қатынастық. тілдік қатынастар ерекше маңызға ие болады. Балалар тіл үйренуші рөлiнен кейіпкер рөліне еніп , шындық өмірге ең жоғары сөйлеу мүмкіншілігімен жақындауға, еркін сөйлеуге тырысады.

Ойындарды ұйымдастыру барысында қойылатын талаптар:

- балалардың дербестігін, олардың белсенді позициясын көрсететін тіпті дұрыс емес және теріс пікірлер де марапатталып отыруы керек;

- тілдік материалдарды пайдалану жеке сөздік ой - пікірлерге бағынады;

тілдік материал сөйлеушінің сөздік ойлану мүмкіндігіне сәйкес алынады.

Қатысымдық тапсырмалар арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізу:

- балалар өз ойы мен сезімін өзара қарым - қатынас үдерісінде еркін білдіруге мүмкіндік алады;

- топтық қарым - қатынаста әрбір бала басқалардың ерекше назарында болады;

- балалар көрсетілген белгілерге сәйкес мүмкіндігінше тезірек қалыптасып бейімделуге тырысады;

- әрбір бала өзінің белгілі бір рөліне ие болып, əңгімедегі өзіне сәйкес орынға ие болуға тырысады.

Қатысымдық тапсырмаларды қолдана отырып жүргізілген қатысымдық оқыту барысында балалардың өз ойы мен пікірін тұжырымдай алуы, сөйлеу мәнері мен тілдік дағдыларының қалыптасуы, оларды күнделікті өмірде кездесетін шынайы жағдаяттарда жұмсай алуы жүзеге асады.

 «Сөзбен ойнау арқылы ғана бала – тілдің нәріне сусындайды, оның сазды үнін жанына сіңіреді» - деген ұлағатты қағида бар. Сондықтан, жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

 Ойындарды көңілді, әсерлі етіп, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыру керек. Мысалы: “Саусақтар сәлемдеседі", "Он саусақ , “Қуырмаш”, “Қазым - қазым”, “Моншақ”, т.б. ойындар арқылы саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге болады. Мысалы, “Моншақ” ойынында бала өлең жолдарын қайталай отырып, үстел үстінде жіпке түрлі моншақтарды немесе түрлі - түсті ұсақ тастарды тізбектей отырып жаңа сөздерді меңгереді, тура санау, түстерді ажырату, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді.

“Сөздік” ойынына келетін болсақ, балалар сөз мағынасын түсінеді және дұрыс жауап беруге, орынды сөйлеуге үйренеді, ойлау және есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. “Мен бастайын, сен аяқта”, “Мен нені ойладым?”, “Жұмбақ жасыр”, “Жалғастыр” ойындарында балалардың жаңа меңгерген сөздерін жұмбақтап айтқызуға (Кішкене бойы, төрт аяғы, екі мүйізі, бір сақалы бар және ет пен пайдалы сүтін беретін үй жануары – ешкі т.с.) назар аударсақ, “Үстел үсті” ойынында көбіне мозайка, лото, суреттер арқылы “Қиыңды суретті құрастыр”, “Жасырылған аңды тап”, “Сыңарын тап”, “Топтастыр”, “Не артық?”, “Енесін тап”, “Есіңде сақта” т.б. тапсырмалар беріледі. Балалар бұл ойындарды ойнай отырып сөйлем құрайды. Схема арқылы балалар әр сөзді ретімен айта отырып сөйлем құрай біледі

   Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйым педагогтары баланың ой - өрісін дамыту мақсатында көру қабілеті арқылы әсер ететін түрлі көрнекіліктерге, яғни қуыршақ театры, балаға арналған қызықты бейне - көрініс, суреттер, табиғат аясындағы жан - жануар, құс, өсімдік әлеміне саяхат арқылы назарларын аударта отырып, осы жұмыстарды тілді үйрету әрекетімен шебер ұштастыра білуі қажет.

Тілді үздіксіз игеру барысындағы жұмыстар:

- тәртіп кезеңдері (таңғы гимнастика, тазалық дағдысына, мінез - құлық мәдениетіне, қарым - қатынас мәдениетіне, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және т.б.);

- оқу - тәрбие үрдісі (сабақтар , ертеңгіліктер , ойындар , балалардың өзіндік іс әрекеті );

- ойын іс - әрекеті ( дидактикалық ойындар , қозғалыс ойындары , сюжетті рөлдік ойындар ).

 Сондықтан әр оқу қызметінде дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы балаларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеуге болады.

 Педагог мамандардың мақсаты сөйлеуді балаға ауызекі қатысым құралы ретінде ғана үйретіп қоймай, мемлекеттік тілде еркін ойын жеткізе алатын, пікірталасқа түсе алатын, танымы кең тұлға ретінде қалыптастыру.

 

Әдебиеттер:

  1. Н.Б. Абтикалыков Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық технологияларды пайдалану, Қызылорда, 2012 жыл.
  2. А.Б. Бақраденова Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012.
  3. Балалар бақшасында тәрбие мен оқыту бағдарламасына әдістемелік ұсынымдар, М., Просвещение,1986.
  4. Н.С. Құлжанова «Мектепке дейінгі тәрбие», Орынбор,1923.
Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net Самое современное лечение грыж