Материалы

МДББҰ-да сапалы тәрбие мен білім беруді қамтамасыз етуде тәрбиешінің рөлі

Абильдина М.М.

 «Ақбота» МДМ КМҚК –ның тәрбиешісі,

Балқаш қаласы

 

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне зиян әкеледі»-деп ғалым Әбу-Насыр әл-Фараби айтқандай баланың тәрбиесі мен білімін қатар дамытуға үлес қосатын маман болса, ол – тәрбиеші дер едім. Тәрбиешінің рөлі  баланың өмірге деген көзқарасын қалыптастырып, жаңартылған білім нәрімен сусындатып, алдыға жетелейді. Тәрбиеші қаншалықты білімді болса, оның тәрбиеленушілері де соншалықты білімді болатыны анық. Баланы жас кезінен бастап қалай тәрбие берсең ол сол тәрбиені қабылдап өседі, оның сөйлеу мәнері, ойлау қабылетінің дамуы оның қоршаған ортасына байланысты тәлім-тәрбиесін, білімін байқатады. Баланың бойындағы ашылмай жатқан дарынын немесе өнерін ашуға да жол табатын осы тәрбиешілер. Олар тек қана бала тәрбиелеп қана қоймай, сонымен қатар олардың Ата-аналарымен жұмыс жасайды. Тәрбиеші сапалы білім мен тәрбие беру үшін жан-жақты ізденеді.

Мысалы үшін: оқу-үрдісінің стандартынан басқа қосымша тақырыпты  ашатын құрал-жабдықтар мен әдіс-тәсілдерді қолдана отырып,әр баланың бойындағы көрінбей тұрған қабылеттерін ашуға тырысамыз, біз тәрбиешілер ғаламтордан ізденгеннен басқа, өзіміздің біліктілігімізді көтеру үшін Қарағанды облысының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның «Басқару және білім сапасы» бөлімінің білікті тренерлары мен оқытушылары: Разбекова Зауре Қайырқызы мен Каирбаева Жанна Хапасовна бізге тереңдетілген білімімен талай тақырыпты өзгеше әдіс-тәсілдерімен дәріс берді. Мен өзіме тәрбиеші ретінде талай пайдалы әдіс-тәсілдер мен жұмыстарды, ой-пікірлерді өз қоржыныма алдым. Біздің тәрбиешілердің білімі мен біліктілігін көтеруде осы Қарағанды облысының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның қосар үлесі орасан зор.

Тәрбиешінің бала тәрбиелеу жұмысында алар орны да ерекше.Осы мамандықтың иелеріне еңбектеріне жеміс тілеймін.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net