Материалы

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ - ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ

Аккисева Раш Байсиевна, ЖШС «Растем вместе» мектепке дейінгі шағын орталықтың  тәрбиешісі

 

«Бүгінгі күні жеке тұлғаны Қазақстандық патриотизм мен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы көкейкесті мәселесі болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу – мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы» деген Елбасымыздың сөзіне тереңірек мән берсек, онда Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып, дербес мемлекет болуы және өркендеп гүлденуі тәрбиешілердің, мұғалімдердің еңбегіне байланысты екенін көруге болады. Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келеді. Одан «ұлттық патриотизм», «қазақстандық патриотизм» деген екі ұғымның туындағаны белгілі.

 

Қазақстандық патриотизм ұғымының жалпы патриотизм ұғымынан алыс кетпейтіні, бұл жерде өз алдына дербес мемлекет атанған іргелі елдің өз құндылықтары бар екендігі, жас ұрпақтың сол құндылықтар негізінде тәрбиеленуі қажеттігі ескеріліп отырғаны анық.

 Қалыптасқан ұғым бойынша елін, жерін сүйіп, соған шексіз берілген адамды әдетте «патриот» дейміз. «Патриотизм» деген гректің «отандас, Отан, туған жер» деген сөзі. Патриот - Отанын, халқын, жері мен суын шынайы сүйетін, халық мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын адам. Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді.

 Сонымен, балалардың адами-патриоттық тәрбиесі – мектепке дейінгі білім мекемесінің негізгі міндеті болып саналады, ал оның негізгі шарты болып ата-аналармен, отбасымен тығыз байланысы болып табылатын, қоғамның ұяшығы мен ұлттық дәстүрлердің қорғаушысы іспеттес.

Балабақшадағы балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін балаларға Отан жайлы бастапқы білім беру және біздің еліміз, халқымыз, әдет, тарих, мәдениет туралы хабардар ету керек.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың адами-патриотттық міндеттері:

–         баланың өзінің отбасына, үйіне, балабақшасына, көшесіне, қаласына деген сүйіспеншілік пен бауыр басып кетуін тәрбиелеу;

–         табиғат пен бүкіл тірі жанға ұқыпты қатынасты қалыптастыру;

–         еңбекке деген сыйластықты тәрбиелеу;

–         халық салтына және кәсіптікке қызығушылығын тудыру;

–         адам құқығы жайлы қарапайым білімдерді қалыптастыру;

–         Қазақстан қалалары жайлы хабарын кеңейту;

–         балаларды мемлекет рәміздерімен таныстыру (елтаңба, ту, әнұран);

–         мемлекет жетістіктері үшін жауапкершілік пен абырой сезімдерін дамыту;

–         өзара сыйлау, басқа ұлттарға олардың салттарына деген сыйластықты қалыптастыру.

Осы міндеттер балалық жұмыстың бүкіл түрлеріңде шешіледі: сабақтарда, ойындарда, еңбекте, үйде – баланың тек қана патриоттық сезімін ғана емес, сонымен қатар оның ересектермен және құрдастарымен өзара қатынастарын қалыптастырады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды туған қаласымен таныстыру оңай міндет емес, сондықтан кішкентай балаға үлкен қаланың құрылысын, оның құрылу тарихын, әсемді жерлерін елестету қиын. Осы жұмыс дәйекті түрде отбасы, балабақша, аудан, қала, мемлекетті таныстырудан басталады.

Балалардың әлеуметтік тәжірибені қалыптастырудың, жақын адамдарға деген бауыр басудың негізі болып тәрбиеленушілердің отбасыларының салттарымен таныстыру жұмысы болып табылады. Осы «ата-аналардың үйі» Отанға деген махаббатқа негіз болады.

Осы тақырып бойынша тәрбиешілер мен ата-аналардың бірлескен жұмысының басқа да келесі: ата-аналардың жақсы көретін сабақтары мен отбасының қызықтары, салттары, бірге өткізетін мерекелер, отбасылық бас қосулар туралы әсемделген фотоальбом мен фотогазеттер көрмесі түрлерін қолдануға болады.

Ауламен, балалар тұратын көшемен, өзі тұратын ауданымен танысу балаларға туған қаласы, оның құрылысы, тарихы, дем алатын орындары туралы түсініктерін қалыптастыруына әкеледі. Ата-аналармен бірге серуендеулері қызықты оқиға болары анық, балалар тек қана сол  өз ауданында орналасқан төңірекпен  танысып қана қоймай, сонымен қатар ата-аналарымен бірге өзінің кіші Отанының әдемі орындарын тамашалайды. Тарихымен, салттарымен, көрнекті орындарымен, ескерткіштерімен, жақсы адамдарымен мазмұнына сай мәліметті таңдау, мектепке дейінгі жастағы балалардың, өзінің қаласы несімен атақты екені туралы хабардар болады.

Балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың елін-жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамасыз ету – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынынан бастау алады. Біздіңше патриотизм – ол өзінің туған жеріне, ана тіліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанының гүлденуіне, өсіп өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету. Еліміздің әрбір азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.

 

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net