Материалы

Баланың балабақшаға бейімделуі

Қарағанды облысы Шет ауданы Ақсу- Аюлы селосы

ҚМҚК «Балдырған» бөбекжайының педагог-психологы

Бекишбекова Галияш Сериковна

 

   Ата-аналардың алдында баланы 1,5 жасқа толғаннан кейін балабақшаға орналастыру туралы сұрақ туады. Психологиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ,мұндай батыл талап осы жастағы балаларға қолайлы кезең емес. Бұл жастағы балалар анасына ерекше жақын болады,анасының жоқтығы оған қатты әсер етеді. Балабақшадағы тәрбиешілердің қолына барғанда,олар өзіне жақсы қамқорлық жасалғанның өзінде мазасыздықты сезінеді. Баланың алғашқы белсенділігі біраз уақыттан кейін эмоционалдық және танымдық процестін тоқтап қалуына ауысады, яғни баланың психологиялық дамуы жалпы баяулайды.

 

      Адамның белсенділігі және эмоционалдық жағдайы ерте сәбилік кезіндегі тәрбие жағдайына байланысты анықталады, ондай балалар кейін талаптылығын және белсенділігін көрсете алмайды. Эмоционалдық жағынан қарағанда үлкен алаңдаушылыққа әкеледі,ол тез үрейленгіш, көбінесе іс-әрекет және басқа жүйке белгілері анықталады.Сонымен өзінің тұрмыстық жағдайларын шешкен ата-аналар басқа психологиялық жағдайларға

ұрынуы мүмкін.

       Баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру психологиялық

жағынан қарағанда өткір пікірталасты болып табылады. Жалпы тәрбие туралы ой тудырушылар бұрыннан байқаған,балаға сәбилік шақта отбасындағы тәрбие өте маңызды. Отбасында балаға ешқандай тәрбиемен теңестірілмейтін тәрбие беріледі. Балалар психологиясы мамандарды да осындай көзқараста.Тәжірибе мектепке дейінгі жалпы тәрбиеге алаңдатушылық туғызатынын көрсетеді.Әсіресе ол баланы ерте ясли-бақшаға орналастыруға қатысты.

      Сәби жастағы балалардың көпшілігі өзінің өміріндегі мұндай өзгеріске нашар бейімделеді.Көптеген балалар алғашқы күндері үйренбеген ортаға келгенде мазасызданып,сонан соң сылбыр және көп сөйлемейтін жағдайда болады. Бұл анасынан,бөліну таныс емес адамдармен кездесу,өміріндегі барлық іс-әрекеттің өзгеруі кезіндегі өткір эмоционалдық жағдайдың негізінде болады. Балаларда аурулардың жиі болуы байқалады.Бұл ортаның ауысқанымен түсіндіріледі. Ал негізгі себеп-ағзаның қорғаныс қабілетін тез төмендететін эмоциялық жағдай.

 

         Отбасы жағдайы баланы ясли-бақшаға орналастыру керектігін айтса,онда баланы екі жасқа толған соң ясли-бақшаға орналастыру керек.Екі жастағы балада тәуелділік сақталмаған,ал таныс емес үлкендерді жатсынбайды. Сондықтан балабақшада бейімделу кезеңі шиеленіссіз өтеді. Бірақ ол физиолагиялық және жүйкесі әлсіреген балаларға қатысты емес. Ондай балаларды ясли-бақшаға орналастыру қажет емес.

          Балабақшаға баланың үш жастан орналасқаны дұрыс емес деп есептелінеді.Балаға бұл жағдай кері әсер етеді.Бұл мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуының ерекшеліктерімен түсіндіріледі.Ерте сәбилік шақтағы балалар құрдастарымен қарым-қатынаста болу қажеттігі әлі қалыптаспаған немесе әлсіз білінеді.Тіпті бірнеше бала бір уақытта ойнаған кезде де,ойын әрекеттерін бала жеке орындағанды ұнатады,яғни бұл «топпен ойын» емес, «жеке ойын».

          Құрбыларымен біріккен іс-әрекетті қажет ететін мектеп жасына дейінгі баланаы басты іс-әрекетінің маңыздысы сюжетті-рөлдік ойын болып табылады. Отбасындағы тәрбие жағдайында баланың құрбыларымен қарым-қатынас жасауы шектеулі.

Балабақшада бала әрқашан құрбыларының ортасында болғандықтан ол олармен ойнайды,қарым-қатынаста болады және бұл оның дамуына тікелей әсер етеді. Сонымен бірге балабақшада балалардың мектепке дайындығын қалыптастыратын үздіксіз дамыту сабақтары өткізіледі. Бұл сабақтардың негізгі маңыздылығының рөлі ата-ананың баланың танымдық дамуына аса көңіл бөлмегендігіне байланысты.

         Сондықтан шешім қабылдай келе қоғамдық немесе отбасылық тәрбиені мектеп жасына дейінгі бала ала алады. Ата-аналар қандай жағдайда болмасын осы немесе басқа нұсқаның жағымды немесе жағымсыз жағдайын сезінуі керек,жоғары деңгейде бірінші және екіншісін орындауға тиісті.

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net