Материалы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА АТА–АНАЛАРМЕН ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Курманбаева Динара Наурызбаевна

Қарағанды қаласы, №137 НОМ КММ

даярлық тобының тәрбиешісі

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл ˗ ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі ˗ шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.

- Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында болашақтағы іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнату. Ата-аналарға олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізу.

- Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлау. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

- Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

- Баланың жеке тұлғасын ересектермен бірге формалау және зерттеу. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады.

Педагогтың ата-анамен жұмыста көрнекілік насихаты да маңызды рөл атқарады. Мақсатқа бағытталған және жүйелі қолданылған көрнекі құралдар балабақшадағы тәрбиелеу әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен ата-аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді.

Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар, балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін.

Бұл ата-ана және мектепке дейінгі ұйым немесе ата-ана мен мемлекет арасындағы экономикалық мәселенің шешілуі, немесе мекемеде баланың болу ұзақтығының шешімі болуы мүмкін. Ұлттық өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы). Біздің жасаған қорытындымыз бойынша, қазақстандық балалардың ата-аналары мен еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді.

Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.

Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net