Материалы

Мектепке дейінгі жастағы баланың күн тәртібі мен оқу–тәрбие үрдісі

Шаймұрат Дәмеш

№4 ЖББ мектеп тәрбиешісі, әдіскер

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде де, мектепке дейінгінің алдындағы жастағы балалардың күн тәртібіндегі сияқты, жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Олардың да жоғары жүйке қызметіне бас ми қыртысы жасушаларының жеңіл әлсіреуі және қозу үрдісінің тежелу үрдісінен басым болып қала беруі тән. Жоғары жүйке жүйесі қызметінің ерекшелігімен қатар, күн тәртібін құру кезінде ағзаның басқа да мүшелерімен жүйелерінің өсуі мен даму ерекшеліктерін ескеру қажет , яғни мектепке дейінгі жастағы балалардың күн тәртібінде жүру, жүгіру, өрмелеу, күрделі қорғану дағдыларын меңгеруге, сөйлеудің қалыптасуы мен жетілуіне, көптеген бұйымдармен және көріністермен танысуға, логикалық ойлаудың дамуына гигиеналық және қандай да бір еңбек дағдыларын бойға сіңіруге ерекше көңіл аударылуы қажет.

 

Мектепке дейінгі жаста күн тәртібіне келесі 6 құрамдас бөліктері кіреді (9.6.- кесте): өз бетінше істейтін іс–әрекеті (ойындар, еңбек, сабаққа дайындалу, серуендеу, жеке басының гигиенасы және т.б.), тамақ қабылдау, сабақтар, үзілістерді қоса, серуендер, күндізгі және түнгі ұйқы.  Жасына байланысты күн тәртібі 4 топқа жіктеледі: кіші (3–4 жастағы балалар), орта (4–5 жастағы балалар), үлкен (5–6 жастағы балалар) және мектепке дайындайтын (6–7 жастағы балалар) топтарға. Күн тәртібінің құрамдас бөліктерінің құрылымы, реттілігі мен кезектесіп келуі ұқсас, бірақ ұзақтығы мен мазмұнында айырмашылық болады.

Күн тәртібінде ұйқы бұрынғысынша маңызды орын алады. Оның жалпы ұзақтығы кіші және орта топтарда 12,5 сағаттан, ал үлкен және мектепке дайындайтынтоптарда – 12–11,5 сағаттан кем болмауы қерек. Түнгі ұйқыға жасына сәйкес 10,5 және 10 сағат бөлінеді. Күндізгі ұйқы күн тәртібінде қала береді, өйткені мектепке дейінгі жастағы балалар үзіліссіз сергу жағдайында 5–6 сағаттан артық бола алмайды, себебі ұзақ уақыт сергу орталық жүйке жүйесі үшін шамадан артық жүктеме болып, астенияға және невротикалық бұзылыстардың дамуына әкелуі мүмкін.

Сондықтан, күн тәртібінде кіші жастағы балалар үшін бір рет 2 сағаттық және үлкен жастағы балалар үшін 1,5 сағаттық күндізгі ұйқы қарастырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың белсенді сергу уақыты 10–12 сағатқа дейін ұлғаяды, ол, барған сайын түрлері көбейетін, ойындармен, оқу сабақтары және серуендеумен, қарапайым еңбек міндеттерімен толықтырылады. Ойын әрекеті– тәрбиелеу және оқытудағы әр–түрлі тапсырмаларды шешуде аса маңызды. Ойындарды қимылды және тыныш (рөлдік желідегі, дидактикалық материалдарымен), жеке және ұжымдық және т.б. деп бөледі. Қимылды ойындар баланың сабақтан, ұйқыдан кейін жұмыс істеуге қабілетін қалпына келуіне ықпал етеді. Ойынның басқа түрлері (дидактикалық, рөлдік желідегі, музыкалық–дидактикалық және т.б.) қоршаған әлемді тануға, сезім мүшелерінің дамуына, назар аударудың, ойлаудың, сөйлеудің, танудың, есте сақтаудың, көз алдына елестету дамуына ықпалетеді, бірақ аз қозғалысты болып табылады. Сондықтан, күн бойына әр түрлі сипаттағы ойындар тиімді түрде кезектестірілуі қажет.

Қарапайым қозғалмалы ойындарды (қол ұстасып жүріп айтылатын ән мен билейтін би, доппен ойнау, жүгіру, және т.б.) оянғаннан кейін, таңертеңгі сағаттарда, сонымен қатар, статикалық әрекеті басым сабақтарға дейін және олардың арасында өткізу қажет. Спорттық сипаттағы ойындарды (жүгіру, секіру, бадминтон, теннис, шанамен, конькимен сырғанау, велосипед тебу және т.б.) серуендеу кезінде өткізген дұрыс.

Ойындарға міндетті түрде ойыншықтарды (доп, шеңбер, құрылыс жиынтығы, секіртпе және т.б.) қолданады, ол қимылдарды жаттықтыруға, тапқырлыққа дағдылануға, ынталылығын жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Ойындармен қатар, балалар ағзасының денсаулығын күшейту мен төзімділігін жоғарылату үшін таза ауада серуендеутиімді құрал болып табылады. Күнделікті және дұрыс ұйымдастырылған, ұзақтығы 4 сағаттан кем емес серуендеу, осы жастағы балалардың қимыл белсенділігінің қажеттілігін жартылай қамтамасыз етіп, гипокинезия белгілерін төмендетеді. Сонымен бірге, таза ауа және күн радиациясы ағзаның алмасу үрдісін ынталандырып қана қоймай, көңіл-күйге де қолайлы әсер етеді.

Бір күнде екі динамикалық сабақты, және дене шынықтыруды бірінші сабақта өткізу дұрыс емес, себебі дене жүктемесінен пайда болатын қажу дене шынықтырудан кейінгі қиын сабақты өткізу кезінде күшеюі мүмкін. Ағзаның функционалды жағдайының көрсеткіштері аптаның басында төмен болып, сейсенбі және сәрсенбі күндері шыңына жетеді, ал содан кейін қайтадан төмендейді, осы деректі ескере отырып, жоғары оқу жүктемесі аптаның сейсенбі және сәрсенбі күндері беріледі. Балалардың жұмысқа қабілеттілігінің динамикасы сабақты жүргізу кезінде де ескерілуі қажет. Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады.

Сабақта көрнекті құралдарды, дидактикалық ойындарды қолдану, өсімдіктерді, жануарларды және т.б. бақылау, осы үрдіс кезіндегі екі дабыл жүйесінің өзара әсерлесуі нәтижесінде, белсенді қабылдауды және материалды есте сақтауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаларға үй тапсырмасы берілмейді. Жылына екі рет балаларға демалыс беріледі, онда балалар сабақтан босатылады, бірақ мектепке дейінгі мекемеге баруын жалғастырады. Мектепке дейінгі жастағы кіші топтағы балаларды еңбекке тәрбиелеу, негізінен өзіне - өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын қалыптастырудан тұрады: өз беттерімен киініп-шешіну, жуыну және тісін тазалау, ұқыпты тамақтанудан. Дегенмен, оларды одан да күрделі іс–әрекетке тарту қажет: өсімдіктерді күтуге көмектесу, дастархан дайындау, еденді сыпыру, өзінің заттарын жинау және басқаларға. Мектепке дейінгі жастағы үлкен топтағы балаларды өзінің төсегін жинауға, заттарын, ойыншықтарын жууға, аяқ-киімін тазалауға, өзінің шкафын және бөлмесін жинауға үйретеді. Сонымен қатар, олар өсімдіктер мен жануарларды күту, жерді қопсыту, көшеттерді отырғызу, суару мен шабу сияқты іс-әрекеттерді орындау мүмкін. Саусақтардың бұлшық етінің функционалды дамуына ықпал ететін, қол еңбегі сабақтарының да – әр түрлі ұсақ–түйектерді дайындау, іс тігу, тоқу және т.б. пайдалы. Сонымен қатар, жұмыстың ұзақтығы күш жетерлік болуы керек: жеңіл шаруашылықтық-тұрмыстық жұмыстарды орындау кезінде – күніне 25–30 минутқа дейін болып, қарқынды іс–әрекеттер кезінде орта топтағы балалар үшін 7–10 минуттан және үлкен топтағы балалар үшін 15 минуттан аспау керек. Тағам қабылдау қатал бекітілген сағаттарда жүргізілуі тиіс, себебі ол тағамдық стереотиптің қалыптасуына ықпал етеді және ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін маңызды болып табылады. Тамақты қабылдау аралығының ұзақтығы 4 сағаттан аспау керек, ал барлық тамақтарды қабылдаудың жалпы ұзақтығы – кіші топтарда 2 сағаттан, үлкен және дайындық топтарында 1,5 сағаттан аспау керек.Тамақ қабылдау уақытының ұзаруы ұзақ уақыт отыру себебінен статикалық шаршауды туғызады, және нейрогенді анорексияның дамуына ықпал етуі мүмкін.

 

Калькулятор расчета пеноблоков смотрите на этом ресурсе
Все о каркасном доме можно найти здесь http://stroidom-shop.ru
Как снять комнату в коммунальной квартире смотрите тут comintour.net